306 гектар жер аймақта құрылыс, металлургия, фармацевтика, жиһаз өнеркәсібі дамитын болады.
Шымкентте «Жұлдыз» индустриалды аймағында 50 инвестициялық жоба жүзеге асырылады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Мемлекет басшысы Жолдауда өңдеу өнеркәсібін алдағы 5 жылда кем дегенде 1,5 есеге өсіруді тапсырды. Осы мақсатта Шымкентте бірнеше бастама қолға алынды.
Атап айтсақ, солардың бірі – «Жұлдыз» индустриалды аймағы. Қазіргі таңда инфрақұрылымын қалыптастыру жұмыстары басталып кетті. 306 гектар жер аймақта құрылыс, металлургия, фармацевтика, жиһаз өнеркәсібі дамитын болады. 200 млрд.теңгеге 5 мыңнан астам жұмыс орнымен 50 инвестициялық жобаны іске асыру көзделуде.
Одан бөлек, жеке индустриалды аймақтарды ашу бойынша да жұмыстар жүріп жатыр.