ШЫМКЕНТ: ​Жыл соңына дейін Құрсай шағын ауданында 8 мыңнан аса абонент ауыз сумен қамтылады

0
1 066

Бүгінде Құрсай шағын ауданында таза ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында 1-кезең бойынша құрылыс жұмысы жүргізілуде.


ШЫМКЕНТ: ​Жыл соңына дейін Құрсай шағын ауданында 8 мыңнан аса абонент ауыз сумен қамтылады

Қала әкімі Ғабит Сыздықбеков Құрсай шағын ауданынындағы инфрақұрылым жүйесі және тұрғындардың жер телімін заңдастыру бойынша өзекті мәселелердің шешімін қарастырды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Аралау барысында қала басшысы тұрғындардың мәселесімен танысқан соң, құжатсыз үйлерді заңдастыру мақсатында тұрғын үй иелерінің өкілдері және алаяқтықпен жер учаскілерін сатқан азаматтың қатысуымен кездесу өткізіп, мәселені шешу бойынша жауаптыларға тапсырма берді.
Сондай-ақ жаңа құрылыс аумағындағы инфрақұрылым бойынша тиісті басшыларға ауыз су жүргізуді келесі жылдың жоспарына енгізіп, осы жылы уақытша ауыз сумен қамтамасыз етуді жүктеді. Ал асфальт төсеу, қоғамдық көлік жүргізу, электр энергиясын тарту және аялдамалар орнату мәселелерін жүйелі түрде шешу үшін мониторинг жүргізуді тапсырды.
Бүгінде Құрсай шағын ауданында таза ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында 1-кезең бойынша құрылыс жұмысы жүргізілуде. Ауыз су жүйелерінің ұзындығы 185,5 шақырымды құрайды. Қазіргі таңда құрылыстың 99 пайызы орындалды. Құрылыс жұмыстары аяқталған соң, 4 900 абонент тіршілік нәрімен қамтамасыз етіледі. Ал 2-кезеңде су жүйелерінің ұзындығы 151 шақырымды құрап отыр. Құрылыс 99% аяқталды. Нәтижесінде, жыл соңына дейін 3 436 абонент (17 180 адам) сапалы ауыз суға қол жеткізеді.
Биыл аталған шағын ауданда 11,8 шақырымды құрайтын 17 көшеге орташа жөндеу жұмыстары жүргізіліп, пайдалануға берілді. Сонымен қатар, 12 шақырым жолға шағал тас төсеу жұмыстары атқарылды. Ал келесі жылы 11,9 шақырымды құрайтын 16 көшеге орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланып отыр.