Шымкентке 3 жылда 1 трлн теңгеден астам инвестиция тартылды

0
2 031

2018-2020 жылдарға арналған бағдарламаның мақсаты – қала экономикасын қарқынды дамытып, тұрғындарға қолайлы жағдай жасау.


Шымкентке 3 жылда 1 трлн теңгеден астам инвестиция тартылды
Шымкент қаласының негізгі стратегиялық құжаты болып саналатын даму бағдарламасы аяқталды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
2018-2020 жылдарға арналған бағдарламаның мақсаты – қала экономикасын қарқынды дамытып, тұрғындарға қолайлы жағдай жасау.
Екі жыл ішінде құны 661,1 млрд.теңгеге 52 жоба іске асырылып, салада 2398 жұмыс орындары ашылды. Өндірістік инфрақұрылымы бар 3 аймақта инвестиция көлемі 229,7 млрд.теңге, 10 мыңнан астам жұмыс орнымен 170 жоба жүзеге асуда.
Ал ауыл шаруашылығы саласында 8,3 млрд.теңгеге 21 жоба іске асып, 453 жұмыс орны ашылды. Жылыжайлар көлемі 9,2 гектардан 20,9 гектарға дейін ұлғайды. Мемлекет тарапынан 6,5 млрд.теңгеге 583 шаруашылыққа қолдау жасалды. Осы мерзімде 307 млн. АҚШ долларына ауыл шаруашылығы өнімдері экспортталды.
Қала экономикасына 3 жылда 1 трлн теңгеден астам инвестиция тартылды. Оның ішінде 80 % – жеке қаражат есебіндегі инвестициялар, мемлекеттік бюджетке жүктеме азаюда.
Қалада 8 базар жаңарды. Мемлекет тарапынан 3 жылда 21,8 млрд.теңге көлемінде шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне қолдау көрсетілді. Қазір 4321 сауда нысаны жұмыс істейді.