Қалада дәрігер кадрлардың тапшылығы 185 штаттық бірлікті құрайды.
Медицина кадрларын даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы шеңберінде Шымкент қаласына 2022 жылы резидентураның 6 мамандығы бойынша 87 білім беру гранты бөлінді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Бұл туралы Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният брифинг барысында мәлімдеді.
Бүгінгі таңда денсаулық сақтау жүйесінде кадрлармен қамтамасыз ету дәрігерлер арасында 78 мың штаттық бірлігін құрайды, оның ішінде 32,7 мың – бейінді мамандар, Шымкент қаласында 4,9 мың штаттық бірлік, оның ішінде 3,5 мың-практикалық дәрігерлер. Дәрігер кадрлардың тапшылығы 185 штаттық бірлікті құрайды.
2021 жылы еліміздің өңірлеріне медициналық жоғары оқу орындарының 3050 түлегі бөлінді, оның ішінде Шымкент қаласында – 170, ағымдағы жылы 115 түлек жіберу жоспарлануда.
2025 жылға қарай республикалық бюджет есебінен гранттар саны 2000-ға дейін және жергілікті бюджет қаражаты есебінен бөлінетін грант 1500-ға ұлғайтылатын болады.
2023 жылдан бастап сертификаттау курстары (қайта даярлау) арқылы бейінді мамандарды даярлау үшін жаңа білім беру бағдарламаларын енгізу жоспарлануда.
Сонымен қатар, медицина қызметкерлерінің жалақысын экономика бойынша орташа жалақыға қарағанда 2 есеге арттыру бойынша жұмыс жүргізілуде. 2023 жылға қарай дәрігерлердің орташа жалақысы тиісінше 531 мың теңгені, ал орта медициналық қызметкерлердің орташа жалақысы тиісінше 250 мың теңгені құрайды.
Отандық денсаулық сақтаудың басым міндеттерінің бірі-еліміздің халқын дәрі-дәрмекпен үздіксіз қамтамасыз ету. «СК-Фармация» ЖШС Бірыңғай дистрибьюторы амбулаториялық дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету шеңберінде 175 млрд.теңгеден астам сомаға дәрілік заттарды сатып алды, бұл ретте өңірлерге сатып алынған ДЗ-ның 45% - ы жеткізілді, стационар деңгейінде 179,2 млрд. теңгеден астам сомаға сатып алынды, бұл ретте өңірлерге сатып алынған көлемнің 39% - ы жеткізілді.
Шымкент қаласында 9,5 млрд. теңгеге амбулаториялық дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету үшін дәрілік заттар сатып алынды.
Амбулаториялық дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуге кірмейтін дәрілердің қолжетімділігін арттыру үшін «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодекске ауылдық денсаулық сақтау объектілерінің базасында дәріхана пункттерін құру бойынша өзгерістер енгізілді.
Сақтандырылмаған азаматтарды МӘМС жүйесінде медициналық көмектің қолжетімділігін арттыру мақсатында «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» Заңға МӘМС жүйесіне кірудің баламалы тәсілін енгізу бойынша 12 ай бұрын МӘМС жарналарын төлеу жолымен, өткен кезеңдегі берешектің күшін жоюмен толықтырулар енгізілді