Қаланы жылумен қамтамасыз ету жұмыстары 2025 жылғы 6 қарашаға дейін толық аяқталады.
Ауа температурасының орташа тәуліктік көрсеткіші төмендеуіне байланысты және Шымкент қаласы әкімінің қаулысына сәйкес, қалада жылу беру маусымы 2025 жылғы 1 қарашадан басталады.
Бұл туралы Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.
Жылу алдымен мектептер, балабақшалар, ауруханалар және басқа да әлеуметтік нысандарына беріледі. Одан кейін кезең-кезеңімен үйлер және басқа да нысандарға жылу қосылады.
Қаланы жылумен қамтамасыз ету жұмыстары 2025 жылғы 6 қарашаға дейін толық аяқталады.


