22 адам инфекциялық стационарға жатқызылып, 83 адам үй бақылауына алынған.
Шымкентте өткен тәулікте коронавирус жұқтырған 103 азамат (44 симптоммен, 59 симптомсыз) анықталды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Олар өздеріне дейін вирусты жұқтырған адамдармен қарым-қатынаста болған. 22 адам инфекциялық стационарға жатқызылып, 83 адам үй бақылауына алынған.
ПТР диагностикалық зерттеу қорытындысымен COVID-19 диагнозы нақтыланды. Қазіргі таңда науқастардың жағдайлары қанағаттанарлық. Бекітілген хаттамаға сәйкес тиісті ем жүргізілуде. Шымкент қаласы Денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, науқастармен қарым-қатынаста болған адамдар анықталып, барлығы медициналық бақылауға алынуда. Ауру ошақтарында дезинфекциялық жұмыстар жасалуда.
Қазіргі уақытта қаладағы мамандандырылған инфекциялық орталықта 1 276 төсек-орын бар. Оның ішінде 898 төсек орны бос. Ал 378 азамат жұқпалы және карантиндік ауруханаларда, стационарда ем қабылдауда.
Айта кетейік бір тәулік ішінде қалада 2237 адам вакцина алды (I компонент-1227, II компонент-1010). Егу науқаны басталғалы барлығы 251 312 адам вакцинацияланды. Оның ішінде 149 015 адам вакцинаның екі компонентін алды.