Олар Еңбекші ауданындағы 515 көше, 435 аула және 465 жертөле мен 2250 кіреберістерді залалсыздандырды.
Шымкентте коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеу мақсатында дезинфекциялау жұмыстары жалғасуда, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Еңбекші ауданы әкімдігі тұрғындардың өмірі мен денсаулығын қорғау және коронавирустық инфекцияның (COVID-19) таралуына жол бермеу мақсатында аудан аумағында дизенфекциялау жұмысын тұрақты түрде жүргізді.
Ауданда орналасқан тұрғындар көп шоғырланатын 780-ге жуық коммерциялық нысандардың іргелес аумақтары және ірі сауда орындары (Фиркан, Магнум, Грамад, Эврика) мен базарлардың (Айна, Көктем, Исатай) аумақтарын дезинфекциялау (гипохлорид ерітіндісі) жұмыстары да кестеге сай орындалды.
Залалсыздандыру жұмысына №35748 әскери бөлімнің 120 сарбазы мен 12 арнайы техника жұмылдырылған. Олар аудан аумағындағы 515 көше, 435 аула және 465 жертөле мен 2250 кіреберістерді залалсыздандырды.