Шымкентте 125 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды

0
185

Індет жұқтырған 52 адам инфекциялық стационарға жатқызылып, 73 адам үй бақылауына алынды.


Шымкентте 125 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды

иллюстрациялық сурет: ашық дереккөзден

Шымкент қаласында өткен тәулікте 125 азаматтан коронавирус инфекциясы анықталды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Оның ішінде белгілері бар 113 болса, 12-нің белгілері жоқ. Індет жұқтырған 52 адам инфекциялық стационарға жатқызылып, 73 адам үй бақылауына алынды.

Қазіргі таңға мамандандырылған инфекциялық стационарларда барлығы 1 443 орын бар, 804 төсек орын бос. Инфекциялық стационарда 639 науқас емделуде, жансақтау бөлімінде – 272 төсек орын бар, 125 науқас ем қабылдауда.
Сонымен бірге бір тәулік ішінде қалада 11 622 адам вакцина алды (I компонент-9308, II компонент-2314). Егу науқаны басталғалы барлығы 496 564 адам вакцинацияланды. Оның ішінде 406 244 адам вакцинаның екі компонентін алды.