Шымкентте 14 адамнан коронавирус анықталды

0
551

Бір тәулік ішінде қалада 1 666 адам вакцина алды.


Шымкентте 14 адамнан коронавирус анықталды

Шымкентте 28 желтоқсан күні КВИ-дің 14 жағдайы тіркелді (белгілері бар – 5, белгілері жоқ – 9), деп хабарлайды ERNUR.KZ

Оның ішінде 4 адам инфекциялық стационарға жатқызылып, 10 адам үй бақылауына алынды.

Қазіргі таңға мамандандырылған инфекциялық стационарларда барлығы 263 орын бар, төсек орын толымдығы 9%-ды құрайды. Инфекциялық стационарда 25 науқас, жансақтау бөлімінде 6 науқас ем қабылдауда.
Бір тәулік ішінде қалада 1 666 адам вакцина алды. Егу науқаны басталғалы барлығы 591 918 адам вакцинацияланды. Оның ішінде 572 064 адам вакцинаның екі компонентін алды.
Pfizer вакцинасының I компонентін 14 612 адам, II компонентін 5 549 адам қабылдады. 26 109 адам ревакцинацияланды.