Шымкентте 15 мыңға жуық адам ревакцинацияланды

0
450

Осы жылдың 15 қарашасынан бастап тұрғындарға "Pfizer-BioNTech" вакцинасын егу жұмыстары басталды.


Шымкентте 15 мыңға жуық адам ревакцинацияланды

Шымкент қаласында жыл басынан бері коронавирустан 35 408 науқас емделіп шықты, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бүгінде 68 науқас емделіп жатыр. Оның ішінде 61 науқас стационарда, 7-і үй жағдайында амбулаторлық ем қабылдауда.
Қала тұрғындарына вакцинаның үшінші дозасын енгізу басталды. Осы ретте 14 771 адам ревакцинацияланды.
Сонымен қатар, осы жылдың 15 қарашасынан бастап тұрғындарға "Pfizer-BioNTech" вакцинасын егу жұмыстары басталды. Бұл вакцинасының 1-ші компонентімен 10 860 адамға, 2-ші компонентімен 3 460 адамға егілді.