Шымкент қаласының Абай ауданындағы 150 орынға арналған мүгедектерді оңалту орталығының құрылысы өткен жылы желтоқсанда басталды.
Жобаға сәйкес, нысан 5 блоктан тұрады. Жалпы, жер телімі 5,3 га аумақты құрайды. Орталықта сауықтыру мақсатындағы жүзу бассейні, спортзал, акт зал, 3 қабатты оңалту корпусы, асхана және 2 блоктан тұратын 2 қабатты стационар мен қосымша техникалық ғимараттар қарастырылған.