Індет жұқтырғандар саны 992-ге жетті.
Бүгін Шымкент қаласында коронавирус инфекциясын жұқтырған 14 адам тіркелді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
ПТР диагностикалық зерттеу нәтижелері бойынша COVID-19 вирусы 6 әйел адам, 5 ер адам және 3 кішкентай баладан анықталды.
Олардың 5-уі вирусты жұқтырғандармен жақын қарым-қатынаста болса, 6-уы ЖРВИ диагнозымен стационарға жатқызылған.
Екеуі алғашқы медициналық жедел көмекке ЖРВИ белгілерімен жүгінгенсе, 1-і стационарға жоспарлы түрде жатқызу алдында тексерілген.
Барлық науқас тиісінше жұқпалы аурулар стационарына жатқызылған. Қазіргі таңда науқастардың жағдайы қанағаттанарлық, бекітілген хаттамаға сәйкес тиісті ем алып жатыр. Профилактикалық іс-шараларды жүргізу үшін науқастармен қарым-қатынаста болған адамдар анықталуда. Ауру ошақтарында дезинфекция жасалды.
Естеріңізге сала кетейік, мегаполисте коронавирус инфекциясын жұқтырған 992 адам анықталды.
Олардың 443-і жазылып шықса, 10 науқас көз жұмған.