​ШЫМКЕНТТЕ 30 ОТБАСЫ ЖАҢА ПӘТЕРГЕ ИЕ БОЛДЫ

0
101

Көпқабатты тұрғын үйлер белгіленген құрылыс нормалары мен сапа талаптарына сәйкес салынып, пайдалануға берілген.


​ШЫМКЕНТТЕ 30 ОТБАСЫ ЖАҢА ПӘТЕРГЕ ИЕ БОЛДЫ

Шымкентте тағы 30 отбасы жаңа пәтерге ие болды. Салтанатты іс шараға қала әкімі Ғабит Сыздықбеков қатысып, баспаналы болған тұрғындарды жаңа қоныстарымен құттықтады.

Жаңа пәтерлердің бір бөлігі Қайтпас шағынауданында орналасқан жалға берілетін тұрғын үйлерден, ал несиелік баспана Асар-2 шағынауданындағы тұрғын үй кешенінен ұсынылды. Пәтерлер «Отбасы банк» АҚ жүзеге асыратын «2-10-20» және «5-10-20» жеңілдетілген бағдарламалары бойынша төлем қабілетін растаған және белгіленген талаптарға сәйкес келетін азаматтарға берілді.
Баспанаға ие болғандардың қатарында көпбалалы және толық емес отбасылар, мүмкіндігі шектеулі азаматтар, жетім балалар, сондай ақ бюджеттік ұйымдардың қызметкерлері бар. Осылайша, әлеуметтік қолдауға мұқтаж азаматтардың тұрғын үй жағдайын жақсартуға мүмкіндік жасалды.
Көпқабатты тұрғын үйлер белгіленген құрылыс нормалары мен сапа талаптарына сәйкес салынып, пайдалануға берілген. Жаңа қоныс иелері үшін баспананың жайлылығы мен қауіпсіздігіне басымдық берілген.
Шымкент қаласында тұрғындардың баспана жағдайын жақсарту бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасып келеді. Бұл бағыттағы шаралар Мемлекет басшысының тапсырмаларына сәйкес жүзеге асырылып, халықтың өмір сүру сапасын арттыруға және қолайлы қалалық ортаны қалыптастыруға бағытталған.
Қалада тұрғын үй мәселесін шешуге бағытталған мемлекеттік бағдарламалар мен әлеуметтік қолдау тетіктерін тиімді пайдалану арқылы азаматтарды баспанамен қамту жұмыстары алдағы уақытта да жалғасын табады.
Бөлісу