Шымкентте 30 тұрғын алапқа оптика тарту жұмыстары жүргізіліп жатыр

0
812

Бұл туралы цифрландыру басқармасының басшысы Ә.Әбдіраханов мәлім етті.


Шымкентте 30 тұрғын алапқа оптика тарту жұмыстары жүргізіліп жатыр

Шымкентте интернет сапасы төмен 30 тұрғын алапқа оптика тарту жұмыстары жүргізілуде, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бұл туралы бүгін қала әкімі Мұрат Әйтеновке «Цифлық Қазақстан» мемлекеттік бағадарламасы аясында атқарылып жатқан жұмыстар жайын баяндаған цифрландыру басқармасының басшысы Ә.Әбдіраханов мәлім етті.
Оның айтуынша, «Digital Elements» ЖШС тарапынан қала аумағындағы Нұртас, Тассай, Таскен, Пахтакор шағын аудандарындағы 4 көшеге, яғни 400 үйге кабел жүргізіліп, бүгінде интернетке қосылған. Ал, «I-LinkNet» ЖШС тарапынан Ақжайық шағын ауданына талшықты оптика желісі толық жүргізіліп, 4000-ға жуық үйге талшықты оптика желісі тартылған. Оның ішінде 250 ден астам үй өтініш беру арқылы жоғарғы жылдамдықты сапалы интернетке қосылыпты.
«Бүгінгі таңда, Достық шағын ауданына кабел жүргізу жұмыстары жүргізілуде, алдағы күндері іске қосылып, шағын аудан толыққанды талшық-оптикалық интернетпен қамтылатын болады. Сонымен қатар, жеке инвестор есебінен 2021-2023 жылдары шалғай орналасқан елді мекендерді сапалы интернетпен қамтуға 1 млрд. теңге қаржы қарастырылды. Нәтижесінде 80 000 үй сапалы интернет желісімен қамтылатын болады», - деді басқарма басшысы.
2020 жылдан бастап Шымкент қаласын сапалы интернетпен қамтамасыз ету мақсатында ауқымды жұмыстар атқарылып, жұмыстар үш кезеңге бөлінді. Алғашқы кезең бойынша бүгінгі күнге қаладағы шағын аудандар мен тұрғын алаптар аумағына 11 базалық станция орнатылды.
2021 жылы қала аумағын сапалы интернетпен қамтамасыз етудің 2-кезеңінде 14 жердің координататалары мобильді байланыс операторларымен келісілді. Оның 8 нүктесі жеке инвестор есебінен, 6 нүктесі әкімдікпен мобильді байланыс операторлорымен бірлесе жеке нысан иелерімен тікелей келісуі арқылы іске асырылады. Сегіз жер телімінің екеуіне (Тассай мен Ынтымақ шағын аудандары) антенна-матчталық құрылғы орнатылып, электр энергиясына жалғау жұмыстары басталды. Қалған 6 нүкте бойынша инвестор тарапы жер қазу жұмыстарын жүргізуде.
Жеке нысан иелерімен келісу көзделген 6 нүктенің 2-не (Абдулабад, Забадам) базалық станциялар орнатылып, электр энергиясын тарту жұмыстары басталды. Қалған 4 жер телімі бойынша коммерциялық нысан иелерімен келісіліп, монтаждау жұмыстары басталды.