Шымкентте 300 мыңға жуық адам тұрақты түрде спортпен айналысады

0
838

Қаладағы барлық жастағы халықтың спортпен қамтылуы 28,6%-ды құраған.


Шымкентте 300 мыңға жуық адам тұрақты түрде спортпен айналысады

фото: ашық дереккөзден

Бүгін ақпараттық-коммуникациялық орталығанда Шымкент қаласының дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Ә.Нұртаевтың қатысуымен баспасөз-брифингі өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Аталған брифинг барысында юасқарма басшысы 2019 жылғы 11 айдың қорытындысы бойынша қалада дене шынықтыру және спорт саласындағы атқарылған жұмыстар мен даму қарқындылығы және алдағы жоспарлар жайында баяндады.

Басқарма басшысының айтуынша, 2019 жылғы көрсеткіш бойынша Шымкентте спортпен тұрақты түрде шұғылданушылар саны 294,4 мың адамды құрап, қаладағы барлық жастағы халықтың спортпен қамтылуы 28,6%-ды құраған. Сондай-ақ, 2020 жылы бұл көрсеткішті 30%-ға жеткізу күтіліп отыр. Сонымен қатар, Ә.Нұртаев 2019 жылдың басынан бері қала аумағында 252 спорттық іс-шаралар өткізіліп, оған 45 мыңнан астам адам қатысқанын айтты.