​ШЫМКЕНТТЕ 40 ОТБАСЫ ЖЕҢІЛДЕТІЛГЕН БАҒДАРЛАМАМЕН ПӘТЕРЛІ БОЛДЫ

0
71

Пәтерлер «Отбасы банк» АҚ-ның «2-10-20» және «5-10-20» бағдарламаларына қатысып, төлем қабілеттілігін растаған азаматтарға берілді.


​ШЫМКЕНТТЕ 40 ОТБАСЫ ЖЕҢІЛДЕТІЛГЕН БАҒДАРЛАМАМЕН ПӘТЕРЛІ БОЛДЫ

Шымкентте тағы 40 отбасы жеңілдетілген тұрғын үй бағдарламалары аясында жеке пәтер иесі атанды. Баспана кілттерін табыстау рәсіміне қала әкімі Ғабит Сыздықбеков қатысты.

Жаңа үйлер Асар-2 шағынауданында орналасқан. Баспаналар белгіленген құрылыс нормалары мен сапа талаптарына сай салынып, пайдалануға берілді.
Пәтерлер «Отбасы банк» АҚ-ның «2-10-20» және «5-10-20» бағдарламаларына қатысып, төлем қабілеттілігін растаған азаматтарға берілді. Олардың қатарында көп балалы және толық емес отбасылар, ерекше балаларды тәрбиелеп отырған отбасылар, сондай-ақ, бюджет ұйымдарының қызметкерлері бар.
Жеңілдетілген несие азаматтарға баспана мәселесін қолжетімді шарттармен шешуге мүмкіндік береді. Мұндай бағдарламаларды жүзеге асыру – мегаполистегі тұрғын үй саясатының негізгі бағыттарының бірі. Бұл өз кезегінде халықтың баспаналы болу мүмкіндігін кеңейтуге ықпал етеді.
Бөлісу