Шымкентте 400 мыңға жуық адам вакцинацияланды

0
445

Оның ішінде 308 343 адам вакцинаның екі компонентін алған.


Шымкентте 400 мыңға жуық адам вакцинацияланды

иллюстрациялық сурет: ашық дереккөзден

Шымкент қаласында коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны күн сайын артып келеді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Соңғы бес күнде індет жұқтыру бойынша тіркелген жағдай 500-ден асып отыр. Ал, 9 тамыз күнгі жағдай бойынша қалада коронавирус жұқтырған 570 адам тіркелді.

Бір тәулік ішінде қалада 6539 адам вакцина алды (I компонент-2485, II компонент-4054). Егу науқаны басталғалы барлығы 386 525 адам вакцинацияланды. Оның ішінде 308 343 адам вакцинаның екі компонентін алған.
Қазіргі таңға мамандандырылған инфекциялық стационарларда барлығы 3 580 орын бар, төсек орын толымдығы 71%-ды құрайды, 1008 төсек орын бос. Инфекциялық стационарда 2572 науқас емделуде, жансақтау бөлімінде – 498 төсек орын бар, 380 науқас ем қабылдауда.