Егу науқаны басталғалы барлығы 504 486 адам вакцинацияланды.
иллюстрациялық сурет: ашық дереккөзден
Шымкент қаласында өткен тәулікте 122 адамнан коронавирус анықталды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Оның ішінде белгілері бар –106, белгілері жоқ –16. Індет жұқтырған 54 адам инфекциялық стационарға жатқызылып, 68 адам үй бақылауына алынды.
Қазіргі таңға мамандандырылған инфекциялық стационарларда барлығы 1413 орын бар, төсек орын толымдығы 44%-ды құрайды, 794 төсек орын бос. Инфекциялық стационарда 619 науқас емделуде, жансақтау бөлімінде 257 төсек орын бар, 109 науқас ем қабылдауда.
Бір тәулік ішінде қалада 8442 адам вакцина алды (I компонент-5684, II компонент-2758). Егу науқаны басталғалы барлығы 504 486 адам вакцинацияланды. Оның ішінде 410 940 адам вакцинаның екі компонентін алды.