Шымкентте індеттен қайтыс болғандар саны 12-ге жетті.
Шымкент қаласында коронавирус індетінен бір науқас көз жұмды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Азаматтың жасы 41-де, Нұр-Сұлтан қаласының тұрғыны. Түркістан облысындағы құрылыс компанияда жұмыс істеген.
Марқұм ағымдағы жылдың 15- маусым күні денсаулығының аурылауына байланысты Шымкент қаласындағы «Авиценна» медицина орталығында ПТР диагностикалық зерттеу бойынша COVID-19 анализ тапсырған.
Науқастан алынған анализ сараптамасы оң нәтижесінен соң 16-маусым күні жедел жәрдем қызметі арқылы жұқпалы аурулар ауруханасына жеткізіліп, жансақтау бөліміне жатқызылған.
Ауруханаға түскен кезінде науқастың жағдайы ауыр болғандықтан ИВЛ аппараты қосылған. Емдеу хаттамаларына сәйкес науқасқа барлық қажетті емдеу іс-шаралары жүргізіліп, бірнеше рет республикалық мамандармен консультациялар өткізілген.
Жүргізілген реанимациялық шараларға қарамастан, 17-маусым күні таңғы сағат 05:40 өткенде науқас қайтыс болды.
Айта кетейік, бүгінгі дейін Шымкент қаласында індет жұқтырғандар саны 1185-ке жетсе, 12 науқас көз жұмды.