Шымкентте 41 жастағы әйел коронавирус жұқтырды

0
685

Мегпаолисте коронавирус жұқтырғандар саны 213-ке жетті.


Шымкентте 41 жастағы әйел коронавирус жұқтырды

Шымкент қаласында 1979 жылы туылған азаматша коронавирус жұқтырды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Вирус жұқтырған 1979 жылы туылған әйел, ЖРВИ белгілерімен ауруханаға жатқызылған, зертханалық сынама алынған.
ПТР диагностикалық зерттеу қорытындысымен COVID-19 диагнозы нақтыланды.
Қазіргі таңда науқастың жағдайы қанағаттанарлық. Бекітілген хаттамаға сәйкес тиісті ем жүргізілуде.
Науқаспен қарым-қатынаста болған адамдар анықталып, барлығы медициналық бақылауға алынуда.
Ауру ошақтарында дезинфекциялық жұмыстар жүргізілуде.
04.05.2020 жылғы жағдай бойынша қалада COVID-19 коронавирус инфекциясын жұқтырған 213 адам анықталды.