Шымкентте 515 адамнан коронавирус анықталды

0
412

242 адам инфекциялық стационарға жатқызылып, 273 адам үй бақылауына алынды.


Шымкентте 515 адамнан коронавирус анықталды

иллюстрациялық сурет: ашық дереккөзден

Шымкентте өткен тәулікте 515 адамнан коронавирус анықталды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Оның ішінде 242 адам инфекциялық стационарға жатқызылып, 273 адам үй бақылауына алынды.
Шымкент қаласында өткен тәулікте коронавирус инфекцисына қарсы 6364 адам вакцина салдырды. Егу науқаны басталғалы барлығы 391 972 адам вакциналанды. Оның ішінде 316 030 адам вакцинаның екі компонентін алған.
Сондай-ақ, өткен тәулікте 443 нысанға тексеру жұмыстары жүргізілді. Оның ішінде 12 нысанда карантин режимінің талаптары бұзылғандығы анықталып, әкімшілік хаттамалар толтырылды.