Қалада 45 екпе нысаны жұмыс істеп тұр.
иллюстрациялық сурет: ашық дереккөзден
Шымкент қаласында 542 мыңнан астам азаматқа коронавирусқа қарсы вакцина салынған, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына арналған «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» жолдауында денсаулық сақтау жүйесінің тиімділігін арттыруды тапсырған болатын.
Жолдауға сәйкес, қалалық №2 аурухана базасындағы инсульт орталығы халыққа тәулік бойы медициналық қызмет етуге көшті. Сондай-ақ, ковид орталығы ашылып, үш ай бойы мамандар қауіпті індетке шалдыққан науқастарға емдеу жұмыстарын жүргізді.
Сонымен қатар, қалада 45 екпе нысаны жұмыс істеп тұр. Бүгінге дейін 1-ші компонентпен 542 931, 2 – ші компонентпен 503 983 адамға егілді. Бастапқы жоспар (536 000) бойынша вакцинациялау жұмыстары 100% орындалған.
Соңғы мәліметтерге сүйенсек, өткен тәулікте COVID-19 инфекциясын жұқтырудың 25 жағдайы тіркелді. Қазір 15 науқас инфекциялық стационарға жатқызылып, 10 адам үй бақылауына алынды.
Ал жыл басынан бері коронавирус жұқтырған 35 688 науқас анықталған. Емделіп шыққан науқастардың саны – 34 242.
Қазіргі таңда 650 науқас (стационарда 290, үй жағдайында 360 науқас амбулаторлық) ем қабылдауда.
Еске сала кетейік, бастапқы медициналық көмек бойынша 36 емханада 211 мобилді бригада жасақталып, тұрақты жұмыс істеуде.