Шымкентте 7 адамнан коронавирус анықталды

0
338

Індет жұқтырған 5 адам инфекциялық стационарға жатқызылды.


Шымкентте 7 адамнан коронавирус анықталды

Шымкент қаласында өткен тәулікте 7 адам коронавирус індетін жұқтырды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Оның ішінде клиникалық белгілері жоқ 1 тасымалдаушы тіркелді. Індет жұқтырған 5 адам инфекциялық стационарға жатқызылса, 2 адам үй бақылауына алынды. Бүгінде инфекциялық төсек орын толымдылығы 13 пайызды құрайды.

Сонымен бірге, бір тәулік ішінде қалада 1 193 адам вакцина алды (I компонент-143, II компонент- 1 050). Егу науқаны басталғалы барлығы 591735 адам вакцинацияланды. Оның ішінде 570 471 адам вакцинаның екі компонентін алған. Ал, Rhizer вакцинасының I компонентін 13989 адам, II компонентін 5 041 адам қабылдады. Сондай-ақ, 22978 адам ревакцинацияланды.