Шымкентте 7 блок-бекет жұмыс істеп тұр

0
1 039

Блок-бекеттерде осы уақытқа дейін 7000-нан астам автокөлік тексерілген.


Шымкентте 7 блок-бекет жұмыс істеп тұр

иллюстрациялық сурет: ашық дереккөзден

Шымкент қаласында 7 блок-бекет жұмыс істеп тұр, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бұл туралы ҚР Қорғаныс министрлігінің Шымкент гарнизоны баспасөз қызметінің жетекшісі Исламбек Қалдыбеков мәлімдеді.
– Қазіргі таңда «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының мыңға жуық әскери қызметкері Ұлттық гвардия және полиция департаментінің қызметкерлерімен бірге Шымкенттегі аса маңызды нысандарды күзетуде. Мобильді жасақ қаладағы жалпы қауіпсіздікті қамтамасыз етіп, блок-бекеттерде өткізу-бақылау қызметтерін атқаруда, – дейді маман.
Бұл блок-бекеттер қаладан шығатын 7 нүктеге орнатылған, онда Ұлттық гвардия, әскерилер және полиция қызметкерлері бірге кезекшілікте тұр. Блок-бекеттерде осы уақытқа дейін 7000-нан астам автокөлік тексерілген.