Оның ішінде 35 адам инфекциялық стационарға жатқызылып, 38 адам үй бақылауына алынды.
иллюстрациялық сурет: ашық
дереккөзден
Шымкент қаласында өткен тәулікте 73 адамнан коронавирус анықталды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Оның ішінде 35 адам инфекциялық стационарға жатқызылып, 38 адам үй бақылауына алынды.
Қазіргі таңға мамандандырылған инфекциялық стационарларда барлығы 1 283 орын бар, төсек орын толымдығы 32%-ды құрайды, 867 төсек орын бос. Инфекциялық стационарда 416 науқас емделуде, жансақтау бөлімінде – 219 төсек орын бар, 67 науқас ем қабылдауда.
Егу науқаны басталғалы барлығы 530 819 адам вакцинацияланды. Оның ішінде 434 467 адам вакцинаның екі компонентін алды.