Шымкентте 79 адамнан қауіпті індет анықталды

0
300

Оның ішінде 42 адам инфекциялық стационарға жатқызылып, 37 адам үй бақылауына алынды.


Шымкентте 79 адамнан қауіпті індет анықталды

иллюстрациялық сурет: ашық дереккөзден

Шымкент қаласында өткен тәулікте 79 адамнан коронавирус анықталды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Оның ішінде 42 адам инфекциялық стационарға жатқызылып, 37 адам үй бақылауына алынды.

Қазіргі таңға мамандандырылған инфекциялық стационарларда барлығы 1 363 орын бар, төсек орын толымдығы 36%-ды құрайды, 867 төсек орын бос. Инфекциялық стационарда 496 науқас емделуде, жансақтау бөлімінде – 257 төсек орын бар, 79 науқас ем қабылдауда.
Бір тәулік ішінде қалада 5521 адам вакцина алды (I компонент-2586, II компонент-2935). Егу науқаны басталғалы барлығы 526 689 адам вакцинацияланды. Оның ішінде 426 388 адам вакцинаның екі компонентін алды.