Шымкентте ауа ластануының алдын алу мақсатында рейдтік шаралар тұрақты түрде жүргізілуде

0
102


Шымкентте ауа ластануының алдын алу мақсатында рейдтік шаралар тұрақты түрде жүргізілуде

Шымкент қаласының атмосфералық ауасы «Қазгидромет» мекемесінің 6 бекеті арқылы үздіксіз бақыланады. Өкінішке қарай, соңғы жылдары ластану деңгейінің жоғарылау тенденциясы байқалуда.

Бұл туралы «Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің 2024 жылы атқарған жұмыстары туралы» тақырыбында өткен баспасөз конференциясында айтылды.

Статистикалық мәліметтерге сәйкес, 2018-2020 жылдар аралығында тұрақты көздерден ауаға ластаушы заттардың көлемі 33,41 мың тоннадан 29,55 мың тоннаға дейін төмендесе, 2021 жылы бұл көрсеткіш 33,16 мың тоннаға, 2022 жылы 31,6 мың тоннаға, 2023 жылы 34,1 мың тоннаға, ал 2024 жылы 35,73 мың тоннаға дейін артқан.
Қаладағы ең ірі ластаушы кәсіпорындар қатарында «ПКОП», «Стандартцемент», «Шымкентцемент» ЖШС-лары және «3-Энергоорталық» АҚ бар. Бұл кәсіпорындар жылына 500 тоннадан астам ластаушы зат шығарады, оларда автоматтандырылған экологиялық мониторинг жүйелері орнатылған.
2024 жылғы 27 шілдеде «Ордабасы» индустриялық аймағында орналасқан «KMG Supple Company» ЖШС-нің аумағында шамамен 5000 дана техникалық күкірт шикізаты өртенді. Осының салдарынан қала атмосферасы күкіртсутегімен ластанып, ауаның сапасы төмендеді.
Жаз мезгілінде, әсіресе түнгі уақытта, қалада ауаның ластануы жиі байқалып, жағымсыз иіс тұрғындардың шағымына себеп болуда. Бұл мәселені шешу мақсатында қала әкімдігі жанынан арнайы жұмыс тобы құрылып, түнгі рейдтік тексерулер жүргізілуде.
Шымкент қаласының экологиялық жағдайын жақсарту үшін тиісті шаралар қабылданып, табиғатты қорғау талаптарының сақталуы қатаң бақылауда болады.
Бөлісу