Шымкентте аудан кәсіпкерлерімен кездесу өткізілді

0
688

Аталған кездесу шарасының басты мақсаты - кәсіпкерлер құқығын қорғау, кәсіпкерлік қызмет саласында құқықтық көмек көрсету.


Шымкентте аудан кәсіпкерлерімен кездесу өткізілді

Шымкент қаласы Қаратау ауданы прокуратурасының ұйымдастыруымен Мемлекет басшысының Жолдауы аясында аудан кәсіпкерлерімен кездесу өткізілді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Аталған кездесу шарасының басты мақсаты - кәсіпкерлер құқығын қорғау, кәсіпкерлік қызмет саласында құқықтық көмек көрсету.

Мемлекет басшысы елдегі кәсіпкерлікті дамыту мақсатында әр аудан прокурорлары әр ай сайын кәсіпкерлермен кездесу жүргізсе, қала прокуроры тоқсанына бір рет қала кәсіпкерлерімен кездесу қажеттігі жөнінде тапсырма жүктеген болатын.

Осы орайда, аудан кәсіпкерлерімен бірге жуырдағы Жолдаудың кәсіпкерлік саласына қатысты басым бағыттары талқыланды.

Кездесу барысында кәсіпкерлер өзекті сауалдарын қойып, аудан прокурорлары тарапынан заң аясында мардымды жауаптар алды.

Сондай-ақ, кездесуде аудан прокуроры тарапынан баяндама жасалып, қатысушы кәсіпкерлерге арнайы сауалнамалар таратылды.

Айта кетейік, Шымкент қаласында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы аясындағы еңбек ұжымдарымен кездесулер жалғасуда. Атап айтқанда ақпарат-насихат тобының мүшелері «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағындағы Шымкент химия компаниясының жұмыскерлерімен жүздесті. Қалалық қоғамдық кеңестің мүшесі Баршагүл Исабек Президент Жолдауында көтерілген тақырыптарды атап өтіп, қарапайым еңбек адамына тиер пайдасына тоқталды.
Сонымен қоса, Шымкент қаласындағы «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағында орналасқан «АГФ групп» өндірістік компаниясы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің тігін фабрикасында жұмысшылардың қатысуымен ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2022 жылғы 1 қыркүйектегі «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Қазақстан халқына жолдауын түсіндіру жөніндегі кездесу өтті. Аталған кездесуге Шымкент университетінің кафедра меңгерушісі, экономика ғылымдарының кандидаты, доцент Қуатбек Қалықұлов та қатысып, жұмысшылардың сауалдарына жауап берді.