Шымкентте аутизмі бар балаларға тегін ем жүргізіледі

0
1 803

Шымкентте мұндай 200-ден аса ерекше бала тіркеуде тұр.


Шымкентте аутизмі бар балаларға  тегін ем жүргізіледі

иллюстрациялық сурет: ашық дереккөзден

Шымкент қаласындағы психикалық денсаулық орталығына қарасты аутизмі бар балаларды емдеуге арналған орталық ресми түрде ашылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Аталған орталық өткен жылдың қыркүйек айында пилоттық жоба ретінде ашылған. Осы уақыт аралығында 62 бала ем қабылдап, оң нәтиже көрсеткен. Осыған дейін аутизмі бар балалар ақылы түрде ем алып келген болса, енді орталық оларға тегін қызмет көрсетеді. Шымкентте мұндай 200-ден аса ерекше бала тіркеуде тұр.
Оңалту орталығында диагностика, сенсорлық интеграция секілді шетелдің алдыңғы қатарлы технологиялары бойынша біліктілігін арттырған психолог, дефектолог, логопед және әлеуметтік педагогтар жұмыс істейді. Онда бір балаға арналған оңалту курсы үш жарым айға созылады және барлық қызметтер тегін жүргізіледі.
Емдеу мекемесіндегі мамандар психоневрологиялық патологиясы бар балаларды емдеуде педагогикалық түзету, логопед, дефектолог, психолог, әлеуметтік педагог, музыкалық терапия, кәсіби терапия, ойын терапиясы бойынша емдеу курсын жүргізеді.
Орталық бір күнде екі ауысымда жұмыс істейді. Бір ауысымның өзінде 20 балаға оңалту емі жүргізіледі.
Ата-аналар балаларын жергілікті емханадан жолдама алып бара алады. Мекенжайы: Нұрсат шағын ауданы № 597 үй.