Шымкентте бал өндіретін омарта кооперативі өз жұмысын бастады

0
990

Бүгін Шымкент қаласының әкімі М.Әйтенов аталған шаруа иелігіне арнайы барып, жұмыстарымен танысты.


Шымкентте бал өндіретін омарта кооперативі өз жұмысын бастады

Шымкентте жылына 250 тонна бал өндіретін омарта кооперативі өз жұмысын бастады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Шымкентте биылғы жылы бал өндіретін 13 шаруашылық бірігіп «BEE-PROM» кооперативін құрды. Кооператив құрамында 8000-ға жуық бал ара ұясы бар.
Ең ірісі - ЖК «Нормухамедов», бүгінде 13 адамды жұмыспен қамтып, асыл тұқымды «Карника» арасын селекциялық асылдандыру арқылы өнім өндіруде. Бүгін Шымкент қаласының әкімі М.Әйтенов аталған шаруа иелігіне арнайы барып, жұмыстарымен танысты.
"Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау» бағдарламасына сәйкес, бал араларының селекциялық асылдандыру жұмыстары 2018 жылдан бері субсидяланып келеді.
Аталған қолдаудың нәтижесінде биыл шаруа иелігі кеңейіп, қосымша ара балын құю, қаптау қондырғыларын орнатып, өндірілген өнімдерін Ресей, Араб елдеріне экспорттауда.

Ал, биылғы жылы 12,5 миллион теңге субсидия беріледі деп жоспарлануда.

Қала басшысы бал арасын өсірудің маңыздылықтарына тоқталып, кластерлі бағытта жобаны дамытып, кооператив мүшелерін ара пакетімен қамтамасыз етіп, өндірілген өнімді бір орталық арқылы өткізу жұмыстарын ұйымдастыру бойынша тиісті тапсырмалар жүктеді.