Шымкентте Кеңес Одағының Батыры Бауыржан Момышұлын еске алуға арналған дәстүрлі садақ атудан ересектер арасында ашық турнирде 20 спортшы бақ сынады.
Сайысқа Түркістан, Жамбыл облыстары мен Астана қаласынан келген мергендерде қатысты.
Жеңімпаздар мен жүлдегерлер бағалы сыйлықтар және дипломдармен марапатталды. Шаһардың садақ ату спортының жаттықтырушысы Жәнібек Құлмырзаевтың айтуынша, бұл турнир спортшылардың шеберлігін шыңдауға және ұлттық спортты насихаттауға үлкен үлес қосады.