Шымкентте білім сапасын арттыру мақсатында жеті мектепке қосымша ғимараттар салынды

0
91

Ал №66 және №122 мектептердің қосымша ғимараттарындағы құрылысты жыл соңына дейін аяқтау жоспарлануда.


Шымкентте білім сапасын арттыру мақсатында жеті мектепке қосымша ғимараттар салынды

Шымкент қаласында биыл білім беру нысандарындағы орын тапшылығын азайту мақсатында бірқатар мектепке қосымша ғимараттар салынуда.

Қосымша ғимарат құрылысы жүргізілген нысандар:
* №16 Жайлау жалпы орта мектебі;
* №121 Текесу жалпы орта мектебі;
* Кенесары Қасымұлы атындағы №82 жалпы орта мектебі;
* №122 Ақжар жалпы орта мектебі;
* №66 Қазығұрт жалпы орта мектебі;
* №19 жалпы орта мектепке қосымша мектеп;
* Сайрам көмекші мектеп-интернат-колледжіне 300 орындық жатақхана.
Биылғы мамыр айында Өзбекәлі Жәнібеков атындағы №19 жалпы орта мектебінің 325 орындық қосымша ғимараты мен Сайрам көмекші мектеп-интернат-колледжінің 300 орындық жатақханасы салынып, пайдалануға берілді.
Сонымен қатар, жаңа оқу жылы қарсаңында №16, №82 және №121 мектептердің қосымша ғимараттарының құрылысы аяқталып, пайдалануға берілді.
Ал №66 және №122 мектептердің қосымша ғимараттарындағы құрылысты жыл соңына дейін аяқтау жоспарлануда.
Бөлісу