Шымкентте бір тәулікте 28 адамнан коронавирус анықталды

0
197

Індет жұқтырған 15 адам инфекциялық стационарға жатқызылып, 13 адам үй бақылауына алынды.


Шымкентте бір тәулікте 28 адамнан коронавирус анықталды

иллюстрациялық сурет: ашық дереккөзден

Шымкент қаласында бір тәулікте 28 адамнан коронавирус анықталды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Оның ішінде белгілері бар 19, белгілері жоқ 9 жағдай. Індет жұқтырған 15 адам инфекциялық стационарға жатқызылып, 13 адам үй бақылауына алынды.
Қазіргі таңға мамандандырылған инфекциялық стационарларда барлығы 1283 орын бар, төсек орын толымдығы 35%-ды құрайды, 826 төсек орын бос. Инфекциялық стационарда 457 науқас емделуде, жансақтау бөлімінде 249 төсек орын бар, 77 науқас ем қабылдауда.
Бір тәулік ішінде қалада 994 адам вакцина алды (I компонент-381, II компонент-613). Егу науқаны басталғалы барлығы 529 746 адам вакцинацияланды. Оның ішінде 430 960 адам вакцинаның екі компонентін алды.
Сонымен бірге 3 тамыз күні мобильді топ 285 нысанға тексеру жұмыстарын жүргізіп, 12 нысанда карантин режимінің талаптары бұзылғандығы анықталып, әкімшілік хаттамалар толтырылды.