Егу науқаны басталғалы барлығы 341 106 адам вакцинацияланды.
иллюстрациялық сурет: ашық дереккөзден
Шымкентте өткен тәулікте коронавирус инфекциясына қарсы 2601 адам екпе алды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Шымкентте өткен тәулікте covid-19 инфекциясын жұқтырған 470 жағдай тіркелді. Оның 329 симптомды, 141 симптомсыз. 163 адам инфекциялық стационарға жатқызылып, 307 адам үй бақылауына алынды. Қазіргі уақытта коронавирустық инфекциядан 1674 адам ем қабылдап жатыр.
Сондай-ақ бір тәулік ішінде қалада 2601 адам вакцина алды (I компонент-1201, II компонент-1400). Егу науқаны басталғалы барлығы 341 106 адам вакцинацияланды. Оның ішінде 213 563 адам вакцинаның екі компонентін алды.