Шымкентте бір тәулікте 3 мыңнан астам адам вакцина салдырды

0
545

Егу науқаны басталғалы барлығы 547 675 адам вакцинацияланды.


Шымкентте бір тәулікте 3 мыңнан астам адам вакцина салдырды
иллюстрациялық сурет: ашық дереккөзден
Шымкентте 28 қазан күні коронавирус жұқтырған 34 жағдай тіркелді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Науқастардың 19-ы инфекциялық стационарға жатқызылып, 15 адам үй бақылауына алынды.
Бүгінде инфекциялық стационарларда барлығы 913 орын әзірленген, төсек-орын толымдығы 29%-ды құрап отыр.
Соңғы мәліметке сәйкес, бір тәулік ішінде 3421 адам вакцина алды (I компонент - 1304, II компонент - 2117). Егу науқаны басталғалы барлығы 547 675 адам вакцинацияланды, оның ішінде 511 478 адам вакцинаның екі компонентін салдырған.