Егу науқаны басталғалы 349 920 адам вакцина салдырған.
иллюстрациялық сурет: ашық дереккөзден
Шымкент қаласында өткен тәулік ішінде 7 238 адам коронавирусқа қарсы вакцина салдырды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Оның ішінде I компонентін - 2 308, II компонент - 4 930 адам салдырған.
Қалалық әкімдіктің мәліметінше, егу науқаны басталғалы мегаполисте барлығы 349 920 адам вакцина салдырған. Оның ішінде 229 273 адам вакцинаның екі компонентін қабылдаған.
Сонымен қатар, 23 шілде күнге КВИ-дің 488 жағдайы тіркелген. Науқастардың 402 белгілері бар болса, 86 адамда белгілері болмаған. 210 адам инфекциялық стационарға жатқызылып, 278 адам үй бақылауына алынды.