Егу науқаны басталғалы мегаполисте барлығы 492 914 адам вакцина салдырған.
иллюстрациялық сурет: ашық дереккөзден
Шымкент қаласында өткен тәулік ішінде 7 630 адам вакцина салдырды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Оның ішінде екпенің I компонентін - 5060, II компонент - 2 570 адам салдырған.
Қалалық әкімдіктің мәліметінше, егу науқаны басталғалы мегаполисте барлығы 492 914 адам вакцина салдырған. Оның ішінде 402 889 адам вакцинаның екі компонентін қабылдаған.
Сонымен қатар, 21 қыркүйек күнге КВИ-дің 99 жағдайы тіркелген. Науқастардың 92 белгілері бар болса, 4 адамда белгілері болмаған. 37 адам инфекциялық стационарға жатқызылып, 62 адам үй бақылауына алынды.