Шымкент қаласында CityPass бірыңғай туристік картасы іске қосылады. Бұл жоба қала қонақтарына мәдени нысандарға, ойын-сауық орталықтарына, мұражайларға және басқа да көрікті жерлерге жеңілдікпен кіру мүмкіндігін ұсынады.
Картаны онлайн платформа арқылы немесе арнайы сату нүктелерінен сатып алуға болады. Бағдарлама аясында қосымша жеңілдіктер мен арнайы ұсыныстар қарастырылған.
«CROCOS» ЖШС компаниясы бұл жобаны іске асыру арқылы Шымкенттің туристік инфрақұрылымын дамыту, қалаға келетін қонақтардың санын арттыру және қызмет көрсету сапасын жақсартуды көздейді.