Дәрілеу шарасын кестеге сай бекітілген мекемелер атқаруда.
Шымкентте дезинфекция жұмыстары жалғасуда, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Пандемияның алдын алу мақсатында дезинфекциялау жұмыстары күнделікті үзіліссіз жүргізілуде. Ол үшін арнайы кесте белгіленген. Әрбір аудан сол кестеге сай жұмыс істеуде.
Әл-Фараби ауданы аудан аумағындағы көпқабатты тұрғын үйлердің жертөлелеріне,кіре беріс алаңдарына және аулаларына дезинфекция жұмыстары жүргізілуде. Дәрілеу шараларына еріктілер мен сарбаздар жұмылдырылған.
Ал, Абай ауданы бойынша 8, 3 шағын аудандарында және Республика, А.Асқаров, Б.Момышұлы, Ғ.Иляев және Абай, Гагарин көшелері бойындағы көпқабатты тұрғын үйлерде жүргізілді.
Сонымен қатар Ынтымақ, Қызылжар, Самал-3, Қатын көпір шағынаудандарындағы көшелер мен аялдамалар, қоғамдық орындар дезинфекцияланды.
Дәрілеу шарасын кестеге сай бекітілген мекемелер атқаруда. Ол үшін дәрі-дәрмек пен құрал-жабдықтар жеткілікті мөлшерде.