Шымкентте екі азаматтың денесі табылды

0
908

Олар үйді жылыту мақсатында газ плита қолданған.


Шымкентте екі азаматтың денесі табылды

Шымкент қалалық Әл-Фараби ауданы, Түркістан көшесі бойында орналасқан көп қабатты үйлердің бірінде 1992 және 1994 жылы туылған екі ер азаматтың денесі табылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Таңғы сағат 08:40-та шұғыл кезекшілердің басқару пультіне осындай хабарлама келіп түскен. Қайтыс болған екі ер азаматтың бірі Шымкент қаласындағы №556/52 әскери бөлімінде қызмет атқарса, бірі сауда қызметкері болған. Ағайындылар бұл пәтерді жалға алып тұрған екен. Қайтыс болу себебі анықталуда. Сот медициналық сараптама тағайындалды.

Шымкент қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, олар үйді жылыту мақсатында газ плита қолданған. Газ берудің үзілісі салдарынан табиғи газ шығуы орын алды.

Оқиға орнына ТЖД-дан 3 қызметкер және Полиция департаментінен 4 қызметкер жұмылдырылды.