Шымкентте екі қабатты мейрамханада болған өрт сөндірілді

0
504

Өрт жертөледе шыққан.


Шымкентте екі қабатты мейрамханада болған өрт сөндірілді

ERNUR.KZ. Шымкент қаласының Асар шағын ауданында орналасқан екі қабатты кафенің жертөлесінде өрт шықты, деп жазады Azattyq Rýhy.

Оқиға орнына жеткен өрт сөндірушілер ғимараттан қою қара түтін шығып жатқанын байқаған. Жану аймағының жоғары температурасы мен түтіннен көрінудің жоқтығы өрттің ошағын бірден анықтауға кедергі келтірді.

«Дегенмен, мамандар дер кезінде әрекет етіп, өртті толық сөндіріп, оның басқа аумақтарға таралуына жол бермеді», — делінген хабарламада.

Құзырлы органдардың мәліметінше, оқиғадан зардап шеккендер жоқ. Тергеу барысында жертөледе автокөлік бөлшектері мен майлар сақталғаны анықталды. Қазіргі уақытта өрттің нақты шығу себебі тексеріліп жатыр.