Шымкентте екі жасөспірім суға батып бара жатқан баланы құтқарып қалды

0
609

Ведомство мәліметінше, аталған о​қиға Игілік тұрғын алабының аумағынан ағып өтетін Бадам өзені бойында болған.


Шымкентте екі жасөспірім суға батып бара жатқан баланы құтқарып қалды

иллюстрациялық фото: ашық дереккөзден

Шымкентте екі жасөспірім 6 жасар бүлдіршінді құтқарып қалды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бұл туралы Шымкент қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің қоғаммен байланыс тобы мәлімдеді.

Ведомство мәліметінше, аталған оқиға 2023 жылы 10 мамырда Шымкент қаласы Игілік тұрғын алабының аумағынан ағып өтетін Бадам өзені бойында болған.

"Шомылуға келген бір топ бала өзенге кішкентай бала батып кеткені туралы айтады. Алғашқы сәтте бұған сенбеген Ердаулет пен Рамазан оқиға орнына барады. Суда баланың денесі қалғып жүргенін көріп, оны жағаға алып шығады. Рамазан Аманкелдиев бүлдіршіннің іші ісіп, өзі көгеріп келе жатқанын байқап, тез арада реанимациялық іс-әрекеттерге кіріседі. Ол шаршаған сон, қасындағы Ердаулет Шыңғысхан әрі қарай реанимациялық іс-әрекеттерді жалғастырады. Тоқтаусыз жасаған әрекеттері өз нәтижесін беріп, жас баланың ауызынан су шығып, демала бастайды. Осылайша дер кезінде көмекке келіп, алғашқы медициналық көмек көрсеткен екі жасөспірімнің арқасында кішкентай балапан аман қалды", - делінген баспасөз хабарламасында.
Айта кетейік, бүгінгі күннің батырлары қаладағы 128 жалпы орта мектептің 8 сынып оқушысы Ердаулет Шыңғысхан және оның досы 9 сынып оқушысы Рамазан Аманкелдиев.