Оның ішінде 5 492-сі дара кәсіпкерлік қызметін ұйымдастырғандар.
Шымкент қаласында 2019 жылдың 1 сәуірінен бастап 50 830 отасыға атаулы әлеуметтік көмек тағайындалған, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Шымкент қаласында 2019 жылдың 1 сәуірінен бастап 70 601 отбасының (342 715 адам) өтініштері қаралып, 50 830 отасыға (249 625 адам) атаулы әлеуметтік көмек тағайындалып, 13 860 отбасыға әлеуметтік көмек көрсетуден бас тартылған.
Сондай-ақ, әлеуметтік келісім шарттағы міндеттемеге сәйкес шартты ақшалай көмек алған отбасылардың 4 990-ны жеке қосалқы шаруашылықты дамытуға, ал 5 492-сі дара кәсіпкерлік қызметін ұйымдастырғандар.
Ал, 4 990 жеке қосылқы шаруашылығын ашқандардың 3643 отбасы 4826 бас ірі қара мал, 956 отбасы 4913 бас ұсақ мал алған және 106 отбасы егін шаруашылығын, 285 отбасы құс шаруашылығын (6180 құс) жүргізіп отыр.
Сонымен қатар, 5 492 өз ісін ашқандардың 202 отбасы әсемдік салонын ашқан және 2257 отбасы өндіріс саласы бойынша тігіншілікпен, 2620 отбасы наубайханамен айналысады.
Одан бөлек өтініштердің үлкен ағымына байланысты, сәуір-мамыр айларында атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау барысында бірқатар кемшіктер жіберілген. Тиісінше, кемшіліктерді жою мақсатында арнайы жұмыс топтары құрылып, мониторинг жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде, кірісін жасырған 8 222 отбасы қайта есептелді және қайта зерделеу барысында 3 671 отбасыға төлемақы тоқтатылып, 5,1 млрд теңге үнемделген.