​Шымкентте еңбек қатынастарын реттеу бойынша үш жақты комиссия отырысы өтті

0
265


​Шымкентте еңбек қатынастарын реттеу бойынша үш жақты комиссия отырысы өтті

Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Қ.Асыловтың төрағалығымен әлеуметтік әріптестік пен еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі үш жақты комиссияның кезекті отырысы өтті.

Жиында 2024 жылы атқарылған жұмыстар қорытындыланып, 2025 жылға арналған жоспар талқыланды.

Комиссия отырысында бірнеше негізгі мәселе қаралды. Алдымен, еңбек қатынастарын реттеу бойынша 2024 жылғы атқарылған жұмыстарға есеп беріліп, анықталған кемшіліктер негізінде 2025 жылға арналған жұмыс жоспарына өзгерістер мен ұсыныстар енгізу мәселесі көтерілді.
Сондай-ақ, кәсіпорындардағы еңбек жағдайы, жалақы бойынша берешекті өтеу, әлеуметтік және зейнетақы аударымдарын төлеу шаралары туралы есептер тыңдалды. Бұл мәселелер бойынша ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Шымкент қаласы бойынша департаменті, «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Шымкент филиалы, Мемлекеттік кірістер департаменті және Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының өкілдері баяндама жасады.
Отырыс барысында 2024-2026 жылдарға арналған әлеуметтік әріптестік туралы келісімді іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары бекітілді. Әлеуметтік әріптестік пен еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі үш жақты комиссияның 2025 жылға арналған жұмыс жоспары қабылданды. Комиссия құрамына ұсынылатын өкілдер туралы жаңа ереже бекітілді.
Бұл шешімдер еңбек қатынастарын реттеу мен әлеуметтік әріптестікті нығайтуға бағытталған. Отырыс қорытындысы бойынша жауапты мекемелерге нақты тапсырмалар берілді.
Бөлісу