Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Шымкент қаласы Қаратау ауданы полиция басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында есірткі заттарын заңсыз жарнамалауға қатысы бар күдіктіні ұстады.
Ұсталған күдікті онлайн-платформа арқылы сыйақы алу мақсатында қала аумағындағы тұрғын үйлердің қабырғаларына есірткі заттарын насихаттайтын жазулар салуға келіскен. Нәтижесінде бірнеше тұрғын үйдің қабырғаларына 15 граффити жазуын түсірген.
Оқиға орнын қарау барысында граффити жасау кезінде пайдаланылған аэрозоль бояуы мен трафарет тәркіленді. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, қазіргі таңда тергеу амалдары жүргізілуде. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Полиция департаменті есірткі заттарын заңсыз жарнамалау немесе насихаттаудың қылмыстық жауапкершілікке әкелетінін, оның ішінде бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылғанын ескертеді.


