Шымкент қаласында Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өтті.
Жиынға комиссия мүшелері мен салалық басқарма өкілдері қатысып, отбасы институтын нығайту, гендерлік саясатты дамыту және осы бағытта атқарылып жатқан жұмыстардың барысын талқылады.
Комиссия мүшелері 2025 жылға арналған жұмыс жоспарын бекітіп, алдағы кезеңде жүзеге асырылатын шараларға басымдық берді.
Жиын соңында, 2024 жылдың қорытындысы бойынша, Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі Ұлттық комиссияның алғыс хатымен қалалық комиссияның белсенді мүшелері марапатталды.