Жаңадан іске қосылатын партал жер қатынасы саласында сыбайлас жемқорлықты болдырмайды.
Шымкентте жыл соңына дейін геоақпараттық портал іске қосылады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Геопорталда барлық картографиялық деректер жиналып, қаланың бас жоспарының жобалары орналастырылады.
Бұл жөнінде сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасы басшысы Берік Әшірбеков мәлімдеді.
– Картаға қаланың әлеуметтік, көліктік және инженерлік инфрақұрылымдарының әр объектісі туралы мәлімет енгізіледі. Нәтижесінде заңсыз құрылыс пен жер иелену фактілері түбегейлі жойылады. Сонымен қатар, геоақпаратты автоматтандыру арқылы жер қатынасы саласында сыбайлас жемқорлықты болдырмайды, - деді Б.Әшірбеков.
Геопортал - осы саладағы барлық мемлекеттік ақпараттық ресурстарды біріктіреді. Мысалы, құрылыс индустриясының қызметкерлері, геодезистер, топографтар мен энергетиктер, мелиораторлар және қала тұрғындары қаладағы кез-келген нысанның сипаттамасын портал арқылы ала алады.