Шымкентте инвестициялық жобаларды талқылау жиыны өтті

0
726

Жиында «Шымкентская Химическая Компания» ЖШС жылына 57 000 тонна метиль-трет-бутильді эфир өндіретін жобасын таныстырды.


Шымкентте инвестициялық жобаларды талқылау жиыны өтті

Шымкент әкімі Мұрат Әйтеновтің төрағалығымен қала аумағында химиялық өндірісті қолға алу мақсатында мұнай және қалдықты өңдеу бағытындағы инвестициялық жобалардың талқылау жиыны өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Жиында «Шымкентская Химическая Компания» ЖШС жылына 57 000 тонна метиль-трет-бутильді эфир өндіретін жобасын таныстырды. Компания басшылары нәтижесінде 130-дан астам адам тұрақты жұмыспен қамтылатынын алға тартуда.
«Almex Polymer» ЖШС компания басшылары 2023-2026 жылдары аралығында құрылыс жүргізіп, полипропилен өндіретін мұнай-химиялық зауыт жобасын ұсынды. Компания басшылары құрылыс барысында 350 адамды жоба жүзеге асқан соң, 250 адамды тұрақты жұмыспен қамтуды жоспарлап отыр.
«Эколайф Астана» ЖШС мұнай өнімдерінің қалдықтарын өңдеп, жылына 40 000 тонна шикізат өндіретін зауыт құрылысын жүзеге асыруды жоспарлайды. Жоба аясында 150 адам жұмыспен қамтылмақ.
«Hill Resources» ЖШС компаниясы тарапынан жылына 254 000 тонна машиналарға арналған май өндірісін қолға алмақ. Нәтижесінде, 1000 адам жұмыспен қамтылу көзделген.
Инвесторлармен өткен жиында қала әкімі Мұрат Дүйсенбекұлы басқарма басшыларына Шымкент қаласының индустриалды-экономикалық зоналары аумағында бизнеске және инвестициялық жобаларға мемлекет тарапынан қолдау жасауды тапсырды.
Айта кетейік, аталған жобалар қала аумағында орналасқан “Оңтүстік” және “Жұлдыз” индустриалды аймақтарында жүзеге асырылатын болады.