Шымкентте инвесторлар есебінен 10-нан астам мектеп ашылады

0
684

Аталған мектептердің барлығы қазақ тілінде оқытады.


Шымкентте инвесторлар есебінен 10-нан астам мектеп ашылады

Биыл Шымкент қаласында инвесторлардың есебінен жаңадан 15 мектеп ашылады деп жоспарланған, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Онда барлығы 11 мың 810 оқушы білім алмақ. Аталған мектептердің барлығы қазақ тілінде оқытатын мектептер болып ашылады. Бұл туралы Шымкент қаласы әкімдігінің білім басқармасы мәлімдеді.

Басқарманың мәліметінше, жаңадан ашылатын мектептердің барлығы мемлекеттік-жекеменшік әріптестіктің аясында жан басына қаржыландыру жүйесі бойынша жұмыс істейді. Яғни, жекеменшік мектептер мемлекеттік бюджет есебінен қаржыландырылып, ата-аналар үшін тегін болады. Нәтижесінде Шымкент қаласында биыл үш ауысыммен жұмыс істейтін мектеп мәселесі толығымен шешіледі.
Айта кетейік, өткен 2022 жылы Шымкент қаласында тап осындай жүйемен жұмыс істейтін 41 мектеп пайдалануға берілген. Бұл мектептер жалпы 24 800 оқушыға арналған. Өткен жылғы ашылған 41 мектептің 34-і (21 400 оқушы) таза қазақ тілінде білім берсе, қалған 7-еуі (3 400 оқушы) аралас мектептер екен.
Осылайша, бүгінде Шымкентте жұмыс істеп тұрған мектептердің саны 246-ға жетіп отыр. Оның 151-і мемлекеттік мектептер болса, жан басына қаржыландыру жүйесі бойынша жұмыс істейтін жекеменшік мектептердің саны 95-ке жеткен.