ЮНЕСКО-ның Дүниежүзілік материалдық емес мәдени мұраларының тізіміне Орталық Азия және басқа да халықтарға ортақ мұраның элементтері енгізілген. Олар құсбегілік, Наурыз мейрамын тойлау дәстүрі, Қорқыт ата мұрасы, айтыс өнері.
сурет көрекілік үшін YouTube скриншот жасалды
Шымкент қаласының мәдениет, тілдерді дамтыу және архивтер басқармасына қарасты «Мәдени-бұқаралық іс-шараларды ұйымдастыру дирекциясы» КММ тарапынан өткізуі жоспарланған айтыс республикалық деңгейде өткізіледі.
Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар орталығында Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Сәрсен Құранбек БАҚ өкілдері басқосқан брифингте айтты.
- 19 маусым – Қала күніне орай ұйымдастырылатын Республикалық ақындар айтысынының қаржылық шығынында республикамыздың өңірлерінен 20-ға жуық қатысатын ақындардың, қазылар алқасының (5 адамнан кем емес) жол шығыны, қонақ үйі, түскі-кешкі асы, дайындық күндері мен айтыс өтетін күнді қоса есептегенде 5 күн (3-4 күн) қомақты жүлде қоры қарастырылған. Сонымен қатар, айтыс өтетін орындағы техникалық жарықтандырыру, сахна, лэд орнату, мультимедиялық жабдықтар, баспахана шығындары қарастырылған, - деді әкімнің орынбасары.
Сондай-ақ, Сәрсен құранбек қазылар алқасының құрамына елімізге белгілі қоғам қайраткерлері, мәдениет саласының мамандары мен ақын-жазушылар енгізіледі деп жоспарланғанын да атап өтті.
Республикалық ақындар айтысын өткізу жөніндегі ұсыныс ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің елімізде айтыс өткізу бойынша арнайы жоспарына енгізіліп, уәкілетті органнан келісім алынады. Айтыстың ережесі дайындалып, «Айтыс ақындары мен жыршы термешілердің халықаралық одағымен» келісіледі. Келісілген ереже мен айтыс өтетіндігі жөніндегі хабарлама хаты жергілікті атқарушы органдар тарапынан өңірлерге жіберіледі.
- Жалпы, ақындар айтысы Республикалық деңгейде өткізілетінін ескерсек, бөлініп отырған қаржы өз деңгейінде қарастырылған деп санаймыз, - деді қала әкімінің орынбасары.